“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Бек Нұрмағанбет америкалық боксшыны нокаутқа түсірді

15.09.2024, 09:11

26 жастағы Бек 13-рет шаршы алаңға шықты

Бек Нұрмағанбет америкалық боксшыны нокаутқа түсірді
instagram.com/nurmaganbet.bek

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет Сауль Алварестің жекпе-жегінің андеркартында сынға түсті. Ол 32 жастағы АҚШ өкілі Джошуа Конлиге қарсы жекпе-жек өткізді.

Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқтады. Отандасымыз 2011 жылдан бері кәсіпқой бокста жүрген америкалықты техникалық нокаутпен ұтты.

Осылайша 26 жастағы Бек 13-рет шаршы алаңға шықты. Оның 12-де жеңіске жетсе, 10-ын мерзімінен бұрын ұтты.

Қазақстандық боксшы Лас-Вегаста өткен «Канело-Берланга» америкалық бокс кешінің андеркартын ашты, бірақ бұл жекпе-жек YouTube-тегі тікелей эфирде көрсетілмеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам