“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Сауль Альварес Эдгар Берлангаға қарсы жекпе-жекте жеңіске жетті

15.09.2024, 09:28

Әлемнің абсолютті чемпионы титулдарын қорғап қалды

Сауль Альварес Эдгар Берлангаға қарсы жекпе-жекте жеңіске жетті
Getty Images

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында бокс кеші өтті. Оның басты оқиғасы екінші орта салмақтағы біріккен чемпион, мексикалық Сауль Канело Альварес (62-2-2, 39 КО) пен пуэрторикандық тегі бар америкалық Эдгар Берланга (22-1, 17 КО) арасындағы жекпе-жек болды.

​Жекпе-жек толық 12 раундқа созылып, нәтижесінде Канело ұпай санымен жеңіске жетті.

Сонымен бірге Берланга үшінші раундта нокдаунға түсті. Осы жетістігінің арқасында мексикалық боксшы WBA, WBC және WBO нұсқалары бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы титулдарын қорғап қалды.

Канело үшін бұл мансабындағы 62-ші жеңіс, екі жеңіліс пен екі тең нәтиже бар, ал Берланга 22 жеңістен кейін алғаш рет жеңіліске ұшырады.

 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам