ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Қайрат Сәтжанов боксшыларды халықаралық турнирде тексеріп көрмек

17.09.2024, 01:57

Жеңіске жеткендері Азия чемпионатына барады

Қайрат Сәтжанов боксшыларды халықаралық турнирде тексеріп көрмек
Архив: Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкерлігіне тағайындалғаннан кейін Қайрат Сәтжанов алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады.

Қазақстан ұлттық құрамасы Париждегі Олимпиададан кейін алғаш рет оқу-жаттығуын Түркістан облысындағы жиында кеңейтілген құрамда өткізіліп жатыр. Жаттығуға барлық салмақ дәрежесінде әр аймақтан көптеген боксшы қатысуда.

Бокс федерациясының мәліметінше, оқу-жаттығу жиыны аяқталған соң құрама 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Шымкентте өтетін Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде бақ сынайды. Ал осы сында топ жарған боксшылар Азия чемпионатына баратын тізімге енетін болады.

Айта кететін жайт, Қайрат Сәтжанов Париж Олимпиадасындағы ұлттық құраманың сәтсіздігінен кейін бас бапкер болып тағайындалған еді. Ол бұл міндетке осымен екінші рет бекітіліп отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам