Боксшы желі қолданушыларын тәнті етіп, қызу талқыға түсті
Қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Махмұд Сабырханның үйлену тойында Қайрат Нұртаспен «қазақша ламбадаға» билеген сәті желі қолданушыларын сүйсінтті.
Боксшының тойында спорт саңлақтарынан бастап, өнер адамдарына дейін бас қосқан. Танымал әнші Қайрат Нұртас та екі жасты құттықтап, ән шырқады.
Әншімен билеген боксшы желі қолданушыларын тәнті етіп, қызу талқыға түсті.
«Махмұд Қайрат Нұртасты көріп, әйелін ұмытып кетті ғой», «Махмұд биді өлтіреді екен ғой», «Олимпиада чемпионы сияқты билейді», «Алтын белгісін» тағып алған ба?», «Жарасып тұр» , - деген секілді пікірлер бар.
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан 2023 жылы әлем чемпионы атанған. Париж Олимпидасында 57 келі салмаққа дейінгілер арасында сынға түскен. Ол қыркүйек айында Назым есімді арумен шаңырақ көтерді. Қайын атасының есімі – Мырзағали. Алғашында бокстан Қазақстан құрамасының экс-бапкері Мырзағали Айтжановпен шатыстырған. Бірақ олар тек аттас болып шықты.