Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Қуат Хамитов бокстағы дебютіне қалай дайындалып жатқанын көрсетті

25.09.2024, 12:28

«Найманның» бокстағы дебютіне небәрі үш күн қалды

Қуат Хамитов бокстағы дебютіне қалай дайындалып жатқанын көрсетті
instagram.com/kuat__khamitov

ММА шебері қазақстандық Қуат Хамитов кәсіпқой бокстағы алғашқы айқасының алдында даярлығын көрсетті.

«Найманның» бокстағы дебютіне небәрі үш күн қалды. 28 қыркүйекте Алматыда Қуат Хамит аралас жекпе-жектегі әріптесі Нұрберген Шәріповпен өзара кім мықтыны анықтайды. Бұл айқас Шәріпов үшін де шаршы алаңдағы дебют болмақ. 

Хамитов Instagram-дағы парақшасында фотосессиядан кадрлар жариялап, «Айқасқа үш күн қалды. Қалай ойлайсыздар, Нұрберген неше рет нокдаун алады?» деп жазба қалдырған.

Айта кетейік, бұл кештің басты оқиғасы деп Данияр Елеусіновтің рингке оралуын айтуға болады. 2016 жылғы Олимпиада чемпионы филиппиндік Джо Нойнаймен жұдырықтасады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам