Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

АҚШ-та 1,5 миллион долларлық айқастан бас тартқан Жәнібек Әлімханұлы сынға қалды

25.09.2024, 16:11

Жәнібектің өзі ешқандай да ұсыныс түспегенін айтып еді

АҚШ-та 1,5 миллион долларлық айқастан бас тартқан Жәнібек Әлімханұлы сынға қалды
instagram.com/janibek_alimkhanuly

Boxingscene басылымы орта салмақта Хамза Шираздың жетістіктеріне ерекше тоқталған. Басылым оның өткен демалыс күндері Тайлер Денниді нокаутпен жеңгенін алға тартқан. Қазір британиялық боксшының еншісінде 21 жеңіс болса, соның 17-сін ол нокаутпен аяқтады. Одан қалды айқас «Уэмбли» стадионында өтті.

Boxingscene Хамзаның жақын және алыс қашықтықта сауатты жұдырықтасып қана қоймай, орта дивизионның Жәнібек Әлімханұлы, Карлос Адамес және Эрисланди Лара секілді жұлдыздарының есігін еш қаймықпастан қағып тұрғанын тілге тиек еткен. 

Мақала авторы «қазақ стилінің» Шираздың ұсынысынан бас тартқанына таңғалған. Дегенмен Жәнібектің өзі ешқандай да ұсыныс түспегенін айтып еді.

«Қазақстандық Әлімханұлы (15-0, 10 нокаут) бұл мәліметті жоққа шығарса да, Брэдли инсайдерлермен сөйлескенін және Әлімханұлының лагері 25 жастағы Ширазбен жұдырықтасу үшін 1,5 миллион долларлық ұсыныстан бас тартқанын растап отыр. Соның орнына ол 4 қазан күні Сиднейде Андрей Михайловичпен айқас өткізіп, IBF атағын қорғайды. Басты үміткер ағылшын Шираз болып табылатын WBO бұл жекпе-жекті титулды қорғау айқасы деп танудан бас тартты», - делінген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам