Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Аралас жекпе-жекте жолы бола қоймаған Қуат Хамитов кәсіпқой бокста жеңіске жетті

29.09.2024, 01:56

Оған WBC берген арнайы чемпиондық белбеу табысталды

Аралас жекпе-жекте жолы бола қоймаған Қуат Хамитов кәсіпқой бокста жеңіске жетті
Allstarsboxing

Аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов алғаш рет кәсіпқой бокста бағын сынап, дебюттік жекпе-жегін жеңіспен бастады. Алматыда өткен Allstar Boxing кешінде Хамитов тағы бір отандық файтер Нұрберген Шәріппен шаршы алаңға шыққан болатын.

Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек нокаутсыз, яғни аяғына дейін жалғасты. Төрешілер шешімімен «Найман» жеңіске жетіп отыр. Оған WBC ерген арнайы чемпиондық белбеу табысталды.

Еске салайық, Қуат Хамитов аралас жекпе-жектегі соңғы кездесуін биыл мамыр айында Ресейде өткізген болатын. Ол танымал файтер Александр Шлеменкомен төбелесіп, төрешілер шешімімен жеңілді. Жалпы, қазақ файтерінің еншісінде 26 жеңіс, 8 жеңіліс және бір тең ойын бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам