Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Танымал олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосыновқа жастарға орын беруді ұсынды

30.09.2024, 18:07

Сәкен Бибосынов алғаш рет 54 келі салмақта бақ сынап жатыр

Танымал олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосыновқа жастарға орын беруді ұсынды
instagram.com/boxingkazakhstan

Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шынәлиев боксшы Сәкен Бибосыновқа кәсіпқой боксқа ауысуға кеңес берді.

Білмеймін. Ол өзінің шеберлігін Париждегі Олимпиадада көрсетуі тиіс еді, бірақ жүлделі орын алу мүмкін болмады. Жас буын өсіп келеді, мүмкін, соларға мүмкіндік беру керек шығар. Егер Сәкен өзін бокстан басқа салада көре алмаса, кәсіпқой боксқа ауысғаны дұрыс болар еді, – деді Еркебұлан Шынәлиев.

Айта кетейік, Шымкентте бокстан Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр. Ұлттық құрама мүшесі Сәкен Бибосынов алғаш рет 54 келі салмақта бақ сынап, алғашқы қарсыласын жеңді.

 «Өзімнің салмағым емес, 1 кг жоғары 54 кг салмақта бақ сынап жатырмын. Бірінші кездесу ойдағыдай болды. Бапкерлерімнің айтқанын орындап, ақылымен бокс көрсетіп, қиындықсыз жеңіске жеттім. Жас боксшымен жұдырықтастым, оған тәжірибе болды деп ойлаймын. Ол бауырыма келесі жарыстарына тек сәттілік тілеймін», - деді Сәкен Бибосынов.

Боксшы Азия чемпионатында ел намысын қорғауға ниетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам