Жәнібек Әлімханұлы Сиднейге жетті

Әлімханұлы мен Михайлович 4 қазанда кездеседі

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

WBO/IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Сиднейге (Австралия) жетті.

Бұл туралы «Қазақ стилі» Х әлеуметтік желісінде жазды.

«Әлхамдулиллаһ, біз Сиднейдеміз!», — деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жек 4 қазанда өтеді. Бұған дейін Андрей Михайловичтің промоутері Джордж Роуз Аустралияда Жәнібек Әлімханұлын үлкен қиындықтар күтіп тұрғанын мәлімдеген еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам