ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында WBO белбеуінен айырылды

04.10.2024, 14:00

Енді ол тек ІВF титулын қорғайтын болады

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында WBO белбеуінен айырылды
Instagram/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 KO) бүгін ІВF титулына үміткер жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 KO) кездесудің нәтижесіне қарамастан WBO атағынан айырылады. Бұл туралы Vringe.com сайты мәлімдеді.

Бокс сарапшысы Бен Дэймонның айтуынша, бұл жайтқа қатысты мәселе қарсылас команданың промоутерлік саудада ұтып кетуінен соң туындаған.

Олар тек IBF атағын сарапқа салғысы келетінін айтқан. WBO бұған келісіп, екеуін қатар қорғауға рұқсат берілгенде ғана Әлімханұлының белбеуін сақтап қаламыз деген. Енді бұл жекпе-жекте тек IBF белбеуі қорғалатыны анықталды. Бұл дегеніміз Жәнібек біріктірілген әлем чемпионы атағынан айырылады деген сөз.

«Жаңа ғана екі тарап та WBO белбеуі сарапқа салынбайтынын растады. Тек IBF болады», - деп жазды Дэймон.

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам