Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Ресейлік журналист Әлімханұлының әлсіздігіне таңғалды

05.10.2024, 12:40

Ол Әлімханұлының қарсыласын тек тоғызыншы раундта нокаутқа түсіргеніне таңғалған

Ресейлік журналист Әлімханұлының әлсіздігіне таңғалды
instagram.com/toprank

Ресейлік журналист орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жекпе-жекті ұзаққа созғанына таңғалған.

Бокс туралы жазатын ресейлік тілші Андрей Баздрев Әлімханұлының қарсыласын тек тоғызыншы раундта нокаутқа түсіргеніне таңғалған.

«Австралияда Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жекке қатысты айтарым мынау: Жәнібек, жейтін тамағыңмен ойнама! Михайлович, әрине, лайық деңгейде емес, Жаңа Зеландия мен Қазақстан боксын салыстыруға келмейді.  Айқас тоғыз раундқа созылды. Негізі 2-3 раундта аяқталуы мүмкін. Карлос Адамес немесе Джермол Чарломен ойнаудың қажеті жоқ. Салмақты бірінші мүмкіндіктен бағындыру керек екенін де есте сақтаған жөн», - деп жазды Андрей Баздрев.

Айта кетейік, жекпе-жектен кейін отандасымыз қарсыласын нокаутқа түсірмей, уақытты созуына не себеп болғанын айтты.

«Нокаутқа ерте түсірмеуімнің өз себебі бар. Барлығын ерте сездім, соққы өткізіп көрдім.Баспасөз конференциясында ол көп сөйледі. Негізі 6-7 раундта құлатамын деп едім. Оған сол сөздері үшін әдейі созып, қинағым келдім. Күші таусылып, әбден ит сілікпесі шығып, біткен кезде іске кірістім. Осылайша, тоғызыншы раундта нокаутқа түсірдім», - дейді Жәнібек Әлімханұлы.

Біздің серіктес: FONBET

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам