Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Пәк қызға үйленбесем достарым араласпай кетеді – Қуат Хамитов

06.10.2024, 08:02
Пәк қызға үйленбесем достарым араласпай кетеді – Қуат Хамитов
Instagram/kuat__khamitov

Болашақ жарына қатысты талаптарынан соң сынға ұшыраған қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитов бұл мәселеге қатысты тағы пікір білдірді. Ол Вестник MMA YouTube арнасына берген сұхбатында әйелдікке пәк қыз алу ойы бар екенін айтты.

«Біз жақта жігіттер тәрбие көрген, көше көрген. Тіпті, неке түнінен кейін ақжайманы іліп қоятын салт-дәстүр бар. Жерлестеріміздің бірі пәк қызға үйленбесе, біз онымен араласпай қоятынбыз. Өйткені ол жігітке лайықсыз іс-әрекет жасады. Біз осылай тәрбиелендік. Әйел – ер адамның ар-намысы, бет-бейнесі. Сол себепті мен әлі де болса өз ойымнан айныған жоқпын, айнымаймын да. Мені жек көріп, балағаттайтындарға, жас қыздар мен ата-аналарға айтарым: ұл-қыздарыңызды арлы, пәк етіп тәрбиелеңіздер. Олар өздерінің іс-әрекетіне жауап бере алатындай болуы керек. Бұл –«жақсы қыз» бен «жаман қыздың» айырмашылығын көрсететін дүние», – дейді Қуат Хамитов.

Ол неге біз жаңа әйел алмауымыз керек? Әйел – су жаңа көлік пен киім-кешектен әлдеқайда бағалы. Сол себепті, адамдарға ұнасын-ұнамасын, бұл қалыпты нәрсе деп отыр.

«Исламда ер адамдарға да әйеліне пәк күйінде бару керегін айтады. Ондайға жігіттер жоламауға тиіс. Өйткені бұл сенің ұрпағыңа әсер етеді. Егер еркек әр әйелге барса түрлі ауру жұқтырады. Ондай инфекциямен туған бала ауру болып дүниеге келеді. Сондықтан абай болу керек», – дейді спортшы.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам