ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Ол ерекше». Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз жекпе-жегінде кім жеңетіні айтылды

25 жастағы Шираз WBO және WBC тұжырымдары бойынша әлемдік рейтингте бірінші орында тұр

Queensberry Promotions
Queensberry Promotions

Америкалық беделді жаттықтырушы, аналитик және комментатор Тедди Атлас ешқашан жеңіліп көрмеген британдық Хамза Шираздың (21-0, 17 КО) орта салмақтағы әлемнің біріккен чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (16-0, 11 КО) жеңе алатынына сенімді.

Queensbury Promotions эфирінде Атлас Шираздан сұхбат алған болатын. Жүргізуші сарапшыдан: «Ол (Шираз) Жәнібекті жеңе ала ма?» деп сұрады.

«Иә. Мен бұл іспен 50 жыл айналысып келемін және өз түйсігіме, көзіме және инстинктеріме сенемін. Шираз ерекше және сол кеште (Әлімханұлымен жекпе-жекте) де ерекше болады», – деп жауап берді Тедди.

Айта кетейік, WBO Жәнібек Әлімханұлын Хамза Ширазбен жұдырықтасуға міндеттеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам