Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Жәнібек Әлімханұлы өзін сынаған сарапшыға жауап берді

12.10.2024, 11:02

Сарапшы Хамза Шираздың жеңетініне сенім білдірген

Жәнібек Әлімханұлы өзін сынаған сарапшыға жауап берді
Queensberry Promotions

Орта салмақта WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) британиялық Хамза Ширазбен (21-0, 17 КО) өтетін кездесуіне қатысты танымал сарапшы Тедди Атластың пікірінен соң өз ойын айтты.

Бұған дейін Атлас Әлімханұлы мен Шираз шаршы алаңда кездессе, британ былғары қолғап шебері жеңетінін алға тартқан.

«Әрине, мен оның пікірін құрметтеймін, бірақ әркімнің өз пікірі бар, ал шаршы алаң дегеніміз мүлде бөлек. Қолдау шаршы алаңда көмектеспейді, шаршы алаңда тәжірибе мен мінез көмектеседі», — деп жазды «Қазақ стилі» өзінің Х-тегі парақшасында.

Айта кетейік, жақында ғана Хамза Шираз Жәнібек Әлімханұлы иелік ететін WBO белбеуіне үміткер болғаны анықталды. Екі тарапқа келісуге 23 қазанға дейін уақыт берілді.

 

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам