Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Біз төрешілердің әділ болғанын қалаймыз – бас бапкер Қайрат Сатжанов

15.10.2024, 09:44

Бас бапкер боксшылардың таза жеңісі бағаланатынын атап өтті

Париж олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін Қазақстан бокс құрамасының бас бапкерлігіне Қайрат Сатжанов келді. Парижден кейін алғашқы дода – Шымкентте Қарақозы Әбдәлиевті еске алу турнирі өтті. Бұл турнирдің басқа жарыстардан басты ерекшелігі боксшылардың рингтегі жұдырықтасуына әділ баға берілді. Бұл туралы Қайрат Сатжанов  «Бірінші бол» YouTube арнасына берген сұхбатында айтып берді.

– Париж олимпиадасынан кейін ұйымдастырушылар осы турнирді әділ өткіземіз деген ұстанымда болды. Біз де өзіміз бақылап, жариялап отырамыз деп арнайы бардық. Талап қойдық. Дулат Бекбауов пен Илья Калининнің кездесуінен кейін төрешілер шешімін өзгертті. Жеке бапкерлер мен көшбасшы боксшыларымыз бұрмаушылықтың болмайтынын, әділетсіз болмайтынын және таза жеңіс болуы керек екенін түсінді ме?

– Иә, оны да жігіттерге айтып жатырмыз. Ештеңеден қорықпаңдар дедік. Шынында да таза жеңіс болады. Былай қарасаңыздар, кейде басқа жарыстарға барғанда төреші көмектесті деп айтып жатады. Біз төрешілердің әділ болғанын қалаймыз. Сондықтан құрамадағы әрқайсысына таза болатынын айттық. Өзбек құрамасын алатын болсақ, оларға біреу бірнәрсе алып берді деп айта алмаймын. Бес чемпион болса бесеуі де физикалық, техникалық жағынан мықты. Оларға біреу алып берді деу өтірік болады. Сондықтан, ең бірінші біз өзіміз мықты болуымыз керек. Рингке шығып, жеңу керек. «Менің қолымды көтере ме, ананың қолын көтере ме?» деп тұрмау керек.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам