«Барыс» «Динамоны» жеңіп, маңызды ұпайына қол жеткізді

Осылайша 20 матчта 23 ұпай жинаған астаналық клуб турнирлік кестенің үшінші сатысына қайта көтерілді

ХК Барыс
ХК Барыс

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Астананың «Барысы» Минскте жергілікті «Динамомен» кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Қатарынан үш матчта жеңілген астаналық клуб үшін екі ұпай ауадай қажет еді. Содан да болар, Кравец шәкірттері айдынға шыға салып, қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Дегенмен, алғашқы екі кезеңде де командалар гол соға алған жоқ. Тек үшінші кезең басталған сәтте «Барыс» ойыншысы Семен Симонов дәл соққысымен көзге түсіп, матчтағы жалғыз шайбаның авторы атанды.

Осылайша 20 матчта 23 ұпай жинаған астаналық клуб турнирлік кестенің үшінші сатысына қайта көтерілді. Келесі ойынды олар 30 қазанда сырт айдында «Шанхай Дрэгонс» командасына қарсы өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам