Ауыр жарақат: Дастан Сәтпаев кемінде 6 апта алаңға шыға алмайды

Футболшы «Чемпионшип» аясындағы соңғы матчтан кейін жарақат алған

Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі

Қазақстан құрамасы мен «Бёрнли» шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты Ұлттар лигасындағы қараша айындағы ойындарға қатыспайды.

Футболшы «Чемпионшип» аясындағы соңғы матчтан кейін жарақат алған. Қайта МРТ тексеруінен соң үш тараптың медициналық штабы 18 жастағы шабуылшының денсаулығына қауіп төндірмеу туралы шешім қабылдаған.

«Бірінші бол» инсайдерінің хабарлауынша, Сәтпаевтың алаңға оралуына кемінде алты апта қажет.

Еске салайық, футболшы 2 қыркүйекте «Мидлсброға» қарсы кездесуде (1:1) артқы сан бұлшықетінен жарақат алып, бір айдан астам уақыт ойынға қатыспаған еді.

Қазақстан құрамасы қарашада Ұлттар лигасы аясында Словакия және Молдова командаларымен кездеседі. Сәтпаев биыл ұлттық құрама сапында Армения (1:1) және Венгрияға (1:3) қарсы екі жолдастық матчта ғана ойнаған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам