«Реал» Мбаппеге қатысты Қытайдағы дауға байланысты мәлімдеме жасады

Клуб Қытай халқынан кешірім сұрады

Real Madrid
Real Madrid

Мадридтік «Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппенің даулы сөзіне байланысты Қытай халқынан кешірім сұрады. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жарияланды.

Даудың шығуына футболшының интернеттегі әзіл сурет туралы сұхбатта айтқан сөзі себеп болған. Онда Мбаппе өз бейнесі Қытайдың бұрынғы басшысы Мао Цзэдунның суретіне қойылған мемді атап, оны «қытайлық диктатор» деп сипаттаған.

Кейін футболшы өз сөзінің орынсыз болғанын мойындап, Қытайдағы және әлемнің өзге елдеріндегі қытайлықтардан кешірім сұрады.

«Реал» клубы мәлімдемесінде Қытайдың тарихына, мәдениетіне, халқына және командаға жанкүйерлік ететін миллиондаған қытайлыққа құрметпен қарайтынын жеткізді. Сондай-ақ клуб Мбаппенің кешіріміне қосылып, елмен достық байланысты нығайтуға ниетті екенін атап өтті.

Осы оқиғадан кейін Қытайдың мемлекеттік телеарнасы Ла Лига матчтарының көрсетілімін тоқтатты. Сонымен қатар бірнеше қытайлық компания Мбаппемен жарнамалық серіктестігін үзді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам