Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Әйгілі Костя Цзюдің ұлы Тим Цзю Ресей боксшысынан нокаутпен жеңілді (ВИДЕО)

20.10.2024, 10:49

Ол осымен екінші рет қатарынан жеңіліске ұшырады

Әйгілі Костя Цзюдің ұлы Тим Цзю Ресей боксшысынан нокаутпен жеңілді (ВИДЕО)
Getty Images

Кәсіпқой бокстан алғашқы орта салмақта IBF нұсқасының чемпионы ресейлік Бахрам Муртазалиев (23-0, 17 КО) АҚШ-тың Орландо қаласында өткен бокс кешінде өз титулын қорғады. Ол аустралиялық Тим Цзюмен (24-2, 17 КО) жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

12 раундқа жоспарланған титулды жекпе-жек небәрі үшінші раундта мәресіне жетті. Ресейліктің сериялық ауыр соққылары бірінен соң бірі Тимнің басына тиіп жатқандықтан, оның секунданты рингке ақ сүлгі лақтырып, төреші техникалық нокаут тіркеуге мәжбүр болды.

Осылайша, Муртазалиев кәсіпқой бокстағы 23-ші жеңісіне қол жеткізіп, өзінің чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Ал, Тим Цзю болса екінші рет жеңіліп отыр. Биыл ақпан айында ол америкалық боксшы Себастьян Фундорадан төрешілер шешімімен ұтылып, WBO чемпионы атағынан айрылып қалған болатын.

Айта кету керек, Тим – әйгілі ресейлік боксшы Константин Цзюдің ұлы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам