Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Головкиннің бапкері Қазақстан қалай күтіп алғанын айтты

21.10.2024, 17:21

 Белгілі маман Камачо командасымен бірге қазақ боксшыларын жаттықтырады

Головкиннің бапкері Қазақстан қалай күтіп алғанын айтты
instagram.com/boxingkazakhstan

Дене даярлығы бойынша бапкер Кристофер Камачо бокстан ұлттық құрамадағы жұмысына кіріспес бұрын Қазақстан қалай күтіп алғанын айтты.

Өткен аптада Кристофер мен Дарио Камачолар биыл қараша-желтоқсан айларында Иорданияда өтетін Азия чемпионаты алдында отандық боксшылармен жұмыс істеуге шақыртылғаны белгілі болды.

«Қазақстандағы кездесулер керемет өтті», – деп жазды Кристофер өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Кристофер Камачо Геннадий Головкинді жаттықтырған. Одан бөлек отандық бірқатар боксшымен жұмыс істеген. Олардың қатарында Али Ахмедов, Садриддин Ахмедов секілді саңлақтарымыз бар. 

Сонымен қатар UFC спортшылары Хабиб Нурмагомедов, Кейн Веласкес, Даниэль Кормье, Люк Рокхолд пен Брэндон Адамс секілді мықтыларға көмектескен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам