Жаңа шоу! Чемпиондар лигасына "легендарный" болжамдар!

Бетербиев пен Бивол реваншының уақыты анықталды

21.10.2024, 22:05

Бетербиев Эр-Риядта өткен айқаста Биволды жеңген

Бетербиев пен Бивол реваншының уақыты анықталды
Getty images

Танымал промоутер Боб Арум (Top Rank) ресейлік боксшылар Артур Бетербиев (21-0, 20 КО) пен Дмитрий Бивол (23-1, 12 КО) арасындағы реванш уақытын атады.

«Эр-Риядтағы жекпе-жектер фестивалі ақпанда аяқталатын болғандықтан, реванштың болжамды мерзімі – келесі жылдың қазан айы. Бұл жігіттердің әрқайсысы өзге боксшылармен кездесулер өткізіп, қазанда екеуі қайта жұдырықтасады», - деп Арумға сілтеме жасай отырып журналист Дэн Рафаэл X-тегі парақшасында жазды.

Естеріңізде болса, 13 қазан күні Бетербиев Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен айқаста Биволды жеңіп, жартылай ауыр салмақта барлық белбеудің басын біріктірді, осылайша дивизионда абсолютті әлем чемпионы атанды.

39 жастағы боксшы жеңілістің не екенін білмейді: оның есебінде 21 жеңіс бар. Ал Бивол карьерасында бірінші рет жеңілді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам