Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

«Ол мықты қарсыластармен айқасу керек»: Виктор Демьяненко Жанқош Тұраровқа ақыл-кеңесін айтты

12.12.2023, 15:47

Әлі жеңіліп көрмеген қазақ боксшысының ІВO және WBA Gold вакантты титулы бар

«Ол мықты қарсыластармен айқасу керек»: Виктор Демьяненко Жанқош Тұраровқа ақыл-кеңесін айтты
Фото ашық дереккөзден

Бокстан Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері Виктор Демьяненко ІВО нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жаңқош Тұраровқа (28-0, 20 КО) кеңесін айтты. 

10 желтоқсанда Алматыда өткен жекпе-жекте жапон Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) ұтқан отандасымыздың басты мәселесін ардагер спортшы Vesti.kz-ке берген сұхбатында айтып, оған не істеу керектігі туралы пікір білдірді. 

Отызға жуық жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен қазақстандық боксшы әзірге рекордын бұзбай келеді. ІВO нұсқасынан бөлек ол WBA Gold вакантты титулына қол жеткізді. 

«Мен бұл жекпе-жекті көрдім. Бұл жағынан Жанкошты мақтай аламын. Ол физикалық тұрғыдан дайындалғаны анық көрініп тұр. Айқас барысында 12 раундқа төтеп бере алатыны анық көрінді. Расы керек, қарсылас оның деңгейінен төмен болды. Сонымен қатар, Жанкош жекпе-жек барысында мерзімінен бұрын аяқтауы мүмкін. Алайда, ол көпшілік алдында ойнап, шоу жасай бастады. Бұл түсінікті шаруа. Әсіресе өз жанкүйерлерінің алдында бұл қажет те шығар. Екінші жағынан, ол өзінің төзімділігін тексергісі келген болар деп ойлаймын. Дегенмен, оған күшті қарсыластармен айқасу керек. Бұл шаруаны оның командасы жасауы керек. Ол үлкен шайқастарға шығып, басқа нұсқалардағы атақтарды біріктіруге мүмкіндігін пайдаланар еді», - деді Виктор Демьяненко.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам