Ол бұған дейінгі жарыстардың бірде-бәрінде жеңілмеген
Черногорияда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында Төрехан Сабырхан (67 кг) кубалық боксшыны жеңіп, жеңімпаз атанды.
Финалдық кездесу Төрехан үшін осы жарыстағы ең қиын жекпе-жек болды деуге болады. Кубалық Дэвид Эспиноса бірінші раунд басталғаннан-ақ шабуыл мен қарымта шабуылын үдетіп, қазақ боксшысын біраз тығырыққа тіреген. Десе де, Төрехан ерекше шеберлігінің арқасында қорғаныста да, шабуылба да сауатты әрекет етіп, үш раунд бойы басымдықты уыстан шығарған жоқ.
Айта кетейік, Т.Сабырхан осы әлем чемпионатының финалына дейін Черногория, Ауғанстан, Өзбекстан және Қытай боксшыларын оңай жеңген болатын.
Бұл – Қазақстан құрамасының осы әлем чемпионатындағы алғашқы алтын медалі. Қоржында тағы 10 қола медаль бар. Сонымен қатар, алты боксшы финалда өнер көрсетеді.