Бұл – Қазақстан қоржынындағы екінші алтын медаль
Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында 75 келіде өнер көрсеткен Санжарәлі Бегалиев финалда өзбек боксшысы Жафарбек Шахбазовты жеңіп, әлем чемпиионы атанды.
Отандасымыз үш раунд бойы қарсыласының көсіліп ойнауына мүмкіндік берген жоқ. Тіпті, оның ауыр соққыларының бірінен соң рефери өзбек боксшысына нокдаун санады. Осылайша төрешілер әр раундта 5:0 есебін тіркеп, жеңісті бірауыздан Санжарәліге берді.
Финалға дейін қазақ боксшысы Румыния, Болгария, Куба және Польша боксшыларын жеңген болатын.
Еске салайық, бұған дейін аталған әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының капитаны Төрехан Сабырхан (67 кг) да чемпион атанды. Финалда ол кубалық боксшыны жеңді.