Финалда ол әлем чемпионын жеңді
Омбыда туған қазақ қызы Салтанат Меденова бокстан Ресейдің үш дүркін чемпионы атанды.
81 келіде өнер көрсететін Салтанат ел чемпионатының финалында краснодарлық Анастасия Демурчянды жеңді.
«Бұл өте қиын жекпе-жек болды, оның үстіне қарсыласым – әлем чемпионы Анастасия Демурчян. Психологиялық тұрғыда ауыр соқты, бірақ шаршы алаңға шыққан соң жеңілдеп қалдым. Анастасияның менің салмағыма ауысқанына таңғалған жоқпын, себебі оның ауысуды жоспарлап жүргенін естегінмін. Сондықтан кездесуге дайындалып жүрдім. Ресейдің үш дүркін чемпионы атансам да, әлі сезінген жоқпын. Қазір үйіме оралып, отбасыммен қауышуға асықпын», - деді Меденова Ресейдің бокс федерациясына берген сұхбатында.