Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

«Қазақ болсам да...» Бокстан Ресей чемпионы мәлімдеме жасады

11.11.2024, 22:23

23 жастағы Салтанат Меденова үшінші алтынына қол жеткізді

«Қазақ болсам да...» Бокстан Ресей чемпионы мәлімдеме жасады
12-kanal.ru

Ресейде бокстан әйелдер арасында ел чемпионаты аяқталды. 81 келіге дейінгі салмақта этникалық қазақ қызы Салтанат Меденова үздік шықты.

23 жастағы Меденова үшін бұл карьерасындағы үшінші алтыны. Бұған дейін Салтанат 2021 және 2023 жылдары Ресей чемпионы атанған.
Омбылық бойжеткен финалда Краснодардан шыққан әлем чемпионы Анастасия Демурчянды жеңді.

«Психологиялық тұрғыда аздап қиын болды, бірақ шаршы алаңға шыққан соң жеңілдеп қалдым. Бапкерлердің қолдауы ерекше күш берді, сондықтан нәтиже туралы ойланбай, сенімді бокстастым», - дейді Салтанат.

Сонымен қатар ол ресейлік спортшылар жуық арада халықаралық аренаға оралады деген сенім білдірді.

«Өзім қазақ қызы болсам да, Ресейді құрметтеймін, себебі Ресейдің Омбы қаласында туып-өстім. Мен үшін елдің абыройын қорғау, әнұранын шырқату үлкен құрмет. Бұл менің арманым. Әнұранымызды қатардағы турнирлерде ғана емес, әлем, Еуропа чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында естісем деймін», - деді Салтанат Меденова.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам