Әлімханұлы мен Шираз командалары арасындағы жекпе-жек сиырқұйымшақтанып кетті
Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBC титулының иегері Карлос Адамес пен WBO бойынша міндетті қарсылас Хамза Шираздың рингке шығудан қорқатынын мәлімдеді.
Әлімханұлы мен Шираз командалары арасындағы жекпе-жек келіссөздері нәтиже бермей, WBO промоутерлік сауданы 18 қарашаға белгіледі. Сонымен қатар, Жәнібек пен Карлос Адамес әлеуметтік желіде пікір алмасты, онда «Қазақ стилі» доминикандықты жекпе-жек келісімшартын жіберуге шақырды.
«Карлос маған келісімшарт жібермеді, ал Шираз үнсіз отыр. Бұл нені білдіреді? Бұл менің… орта салмақтағыларға үрей тудыратынымды білдіреді», — деп жазды Жәнібек әлеуметтік желідегі Х парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы өзінің соңғы жекпе-жегін қазан айының басында Австралияның Сидней қаласында өткізді, онда ол Жаңа Зеландиялық Андрей Михайловичті нокаутқа жіберді.