Бокстан 2024 жылғы Азия чемпионаты Таиландта өтеді

Жарыс 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді

ҰОК
ҰОК

Азия бокс конфедерациясының баспасөз қызметі 2024 жылғы Азия чемпионатының өткізілетін орнын өзгерту туралы ресми мәлімдеді.

Алғашында турнир Иорданияның Амман қаласында өтуі жоспарланған еді. Бірақ ресми мәліметтер бойынша, биылғы жылы чемпионат Таиландтың Чиангмай қаласына өзгертілді.

Жарыс бұрын белгіленген күндерде, яғни 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді. Айта кетейік, соңғы рет Таиланд Азия чемпионатын 2019 жылы қабылдаған еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам