Батыр Жүкембаев әлемнің экс-чемпионын жеңді (ВИДЕО)

14.12.2023, 10:00

Франциялық спортшы бұрын IBO нұсқасында әлем чемпионы болған

Кәсіпқой бокстан алғашқы жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Батыр Жүкембаев (21-1, 16 КО) әлемнің экс-чемпионы франциялық Мохамед Мимунмен (23-5, 4 KO) кездесіп, жеңіске жетті.

Кәсіпқой бокс кеші Флорида штатындағы Плант-Сити қаласында өтті. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін болып, төрешілер 98-92, 98-92, 99-91 есебімен жеңісті қазақ боксшысына берді.

Осылайша Батыр Жүкембаев өзінің 22-ші жеңісіне қол жеткізіп, өзінің WBA Continental North Americas қорғап қалды.

Ал, Мохамед Мимун болса бұрын IBO нұсқасында әлем чемпионы болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?