Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қанат Ислам қаңтар айында кәсіпқой бокс кешін өткізеді

14.12.2023, 20:07

Бұған дейін ол бокс кешін өткізуге Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған болатын

Қанат Ислам қаңтар айында кәсіпқой бокс кешін өткізеді
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыда жекпе-жек кешін ұйымдастыратын болды. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Аталған бокс кешінде Қанаттың өзі жұдырықтаспайды. Ол ұйымдастырушы ретінде өзін танытып көрмек.

«Келер жылдың 26 қаңтары күні Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Руслан Мырсатаев бастаған қазақстандық былғары қолғап шеберлері халықаралық кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығады. «Qazaq Promotion» компаниясы Ұлы Жібек жолының он жылдығы аясында ұйымдастырылатын үлкен іс-шара болмақ. 

Біздің компания 2016 жылдан бастап бокс кештерін өткізіп жүр. Бокс әлеміне біздің ұжым Жанібек Әлімханұлы, Айдос Ербосынұлы, Али Ахметов сияқты боксшыларды танытты. Осыдан кейін «Qazaq Promotion» компаниясы жиі бокс кештерін ұйымдастыруға бел буып отыр. 

Елімізі бойынша әр облыста 10 мыңнан астам боксшы бокс секцияларына барады. Біздің мақсатымыз – халықаралық деңгейдегі жарыстар ұйымдастыра отырып, жастардың спортқа қызығушылығын тудыру және бокс кеші арқылы қазақ батырларын әлемдік кәсіпқой шаршы алаңына таныту.

Менің мақсатым артымнан ерген жастарға қолымнан келгенше көмектескім келеді. Бұл менің жұмысым, міндетім. Осы жарысты ұйымдастыруға демеуші болуға дайын азаматтар, компаниялар болса бірге жұмыс істеуге дайынбыз», - деп жазды Қанат Ислам.

Әзірге Руслан Мырсатаев сынды отандық кәсіпқой боксшылардың қарсыластары туралы ақпарат белгісіз. Ол осыдан төрт жыл бұрын айқасқа шыққан болатын.

Еске салайық, осыдан бірер ай бұрын Қанат Ислам Қазақстанда бокс кешін өткізуге бірнеше кедергінің барын айтып, оларды еңсеруге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған болатын. 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам