Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Менімен танысуға қорқады»: Ангелина Лукас қандай жігіттерді ұнататынын айтты

18.11.2024, 10:05

Қазір боксшы спорттан демалыс алып, жақындарымен уақыт өткізіп жатыр

«Менімен танысуға қорқады»: Ангелина Лукас қандай жігіттерді ұнататынын айтты
instagram.com/angelina_lukas1997/

Әлемдегі ең сұлу боксшылардың бірі саналатын қазақстандық Ангелина Лукас үнемі жұрттың назарында. Бірақ екінші аса жеңіл салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы өзіне деген ерекше назардан қымсынбайтынын, керісінше, бұл процесс өзіне ұнайтынын айтты.

«Маған халықпен сөйлесіп, пікір алмасып, суретке түсу ұнайды. Ешкімнің бетін қайтарған емеспін. Бұл біздің жұмыстың бір бөлігі», - деді ол 1bol.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Сөйте тұра жігіттер қауымының боксшы қызбен танысуға батылы жете бермейтін көрінеді. 

«Әдетте мені көріп қалса, суретке түсу туралы ғана өтініш білдіреді. Алайда таныса бермейді, ыңғайсызданатын болса керек. Әлде қорқа ма екен, білмеймін. Көбі боксшы қыздармен танысуға жүрексінеді, былғары қолғап киген адам өмірде де агрессияға бейім деп ойлайтын болар», - деді Ангелина.

Былғары қолғап шебері өзіне қандай жігіттер ұнайтыны туралы сауалға да жауап берді.

«Жігітім бар, ол да боксшы. Өзім осы салада жүргендіктен шығар, спортшылар жаныма жақынырақ. Басқа саладан болса да, қарым-қатынаста ең алдымен түсіністік керек. Сені шын түсінетін адамның қасыңда болғаны жақсы ғой», - деді боксшы.

Ангелина Лукас кәсіпқой бокста 12 жекпе-жек өткізіп, соның 11-де жеңіске жетті. Соңғы жекпе-жегін ол биыл қазанда аргентиналық экс-әлем чемпионы Анна Лопезге қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам