Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Менен қорқып жүр!»: Жәнібек Әлімханұлы Канело Альваресті жекпе-жекке шақырды

21.11.2024, 09:14

Отандасымыз ақпанда жұдырықтасуды ұсынды

«Менен қорқып жүр!»: Жәнібек Әлімханұлы Канело Альваресті жекпе-жекке шақырды
sports.kz

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы танымал мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

«Менің ойымша, тек «Канелоның» ғана менімен жекпе-жекке шығуға батылдығы жетеді! «Канело», ақпанда жұдырықтасайық! Менің дивизионымдағы чемпиондар менен қорқып жүр! Әлемге жақсы бокс көрсетейік!» – деп жазды ол Х әлеуметтік желісінде.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының WBO нұсқасы бойынша міндетті қарсыласы, Ұлыбританиядан шыққан Хамза Ширазбен жекпе-жегі болмай қалған еді. Сонымен қатар, «Қазақ стилі» WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамеске де өз шақыруын жолдаған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам