Чемпиондар лигасы: «Фейноорд» сенсация жасайды. «Аталантаға» қиын. «Бавариядан» көп гол күтпейміз

Дулат Бекбауов Азия чемпионатына барады

21.11.2024, 10:26

Сары құрлық чемпионатында бас бапкер Дулатқа сенім артпақ

Дулат Бекбауов Азия чемпионатына барады
ҰОК

Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов 67 келіде Азия біріншілігіне қатысады. Бұл туралы Жалғас Төкешов әлеуметтік желіде жариялады.

Бокс федерациясының бұрынғы бірінші вице-президентінің сөзінше, сары құрлық чемпионатында бас бапкер Дулатқа сенім артпақ.

Алайда бокс жанкүйерлері бұған қатысты түрлі пікір жазып қалдырды. Олардың бірі аталған сынға Төрехан Сабырхан баруы керек десе, енді бірі Дулаттың қатысуын дұрыс таңдалған шешімге балап отыр.

Дулат Бекбауов 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын. Ол 67 келіде сынға түсіп, финалда Өзбекстан өкіліне төрешілер шешімі бойынша есе жіберді.

Биыл мамыр айында ол Париж Олимпиадасына қатысуға үмітті болып, 63,5 келіде спаррингке қатысқан еді. Алайда іріктеу бәсекесінде тараздық боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлына жол берді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам