Ол WBC белбеуінің иесі Карлос Адамеске жазба арнады
Орта салмақта WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) WBC белбеуінің иесі доминикандық Карлос Адамеске (24-1, 18 КО) жазба арнады.
«Спарринг кезінде оларды бұлай қатты ұрмауым керек еді. Адамес, мен енді сенің түнгі қорқынышыңмын!» — деп жазды «Қазақ стилі» өзінің Х-тегі парақшасында.
Бұған дейін Әлімханұлы Адаместен бірнеше рет жекпе-жек өткізуге келісімшарт жіберуін сұраған. Ал Карлос командасының Жәнібектің өкілдеріне қажетті құжаттарды талай рет жібергенін, алайда ешқандай жауап келмегенін айтты.
Айта кетейік, WBO Әлімханұлы мен британиялық боксшы Хамза Шираз (21-0, 17 КО) арасындағы айқас өтпейтінін мәлімдеді. Шираздың командасы промоутерлік саудаға қатысудан бас тартқан. Енді ұйым басқа үміткерді іздестіріп жатыр.