Танымал портал қазақстандықтың әрекетін «арзан спектакльге» балап отыр
Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, отандасымыз Жәнібек Әлімханұлының әлеуметтік желідегі жазбалары әжуаға айналды.
Украинаның vRINGe.com сайты Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адаместің желідегі жазбаларын келеке етті.
«Кулуарда Әлімханұлының желідегі парақшасын менеджері Эгис Климастың өзі жүргізетін шығар деп әзілдеп жатыр. Егер бұл рас болса сонымен қатар WBC белбеуінің иегері, доминкандық Карлос Адаместің (24-1, 18 КО) де парақшасының админі шығар. Өйткені екі жақтың мәтіндері ұқсас», - деп жазды сайты.
Портал мұны «арзан спектакльге» балап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы тағы да танымал мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Осының алдында Жәнібек Әлімханұлының WBO нұсқасы бойынша міндетті қарсыласы, Ұлыбританиядан шыққан Хамза Ширазбен жекпе-жегі болмай қалған еді. Сонымен қатар «Қазақ стилі» WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамеске де өз шақыруын жолдаған болатын.