Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Жеке шәкіртімнің Олимпиада чемпионы атанғанын қалаймын – Айтжанов

25.11.2024, 18:01

Ол кәсіпқой боксшыларды жаттықтыруға қатысты жауап берді

Жеке шәкіртімнің Олимпиада чемпионы атанғанын қалаймын – Айтжанов
Видеодан кадр

Осыдан біраз бұрын тәжірибелі бокс бапкері Мырзағали Айтжановтың кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына көмектесіп жүргені айтылған. Бапкердің өзінен «бұдан былай кәсіпқой боксшылармен жұмыс істеуіңіз мүмкін бе?» деп сұрадық.

«Ондай мүмкіндіктер көп болды. Бірақ менің өз мақсаттарым бар – Олимпиада чемпиондарын даярлау. Лондон және Рио олимпиадаларында ұлттық құраманың бас бапкері ретінде алтын алған шәкірттеріміз болды, дегенмен қазір жеке шәкірттерімнің Олимпиада чемпионы болғанын қалаймын, сондай мақсат қойып отырмын.

Жәнібек ұлттық құрамада талай жыл жүріп, әлем, Азия чемпионаттарында топ жарды. Тек олимпиаданың ғана медалі жоқ. Кәсіпқой бокста да алар асуы алда. Өзіміздің балалар ғой. Керек болса, әлі де көмектесуге дайынбыз. Жәнібектің боксқа беретіні көп. Кәсіпқой боксқа әбден төселді, қыр-сырын білді. Геннадий Головкин секілді бүкіл Қазақстанды таңертең ерте тұрғызатын жағдайға жетті. Бұдан былай да тек жеңіс тілеймін! Сәтін салып барлық төрт белбеуді біріктіреді деп сенемін», - деді Айтжанов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам