ЖБ-болжам. «Бавария» ПСЖ-ны таптап өтеді, «Лейпцигте» шанс жоқ, «Ливерпуль» «Реалды» жеңеді

Азия чемпионатынан бірінші орын алуға мүмкіндігіміз бар – Мырзағали Айтжанов

25.11.2024, 18:06

Айтжанов Өзбекстан құрамасы туралы пікір білдірді

Азия чемпионатынан бірінші орын алуға мүмкіндігіміз бар – Мырзағали Айтжанов
ҰОК

Қазақстандағы білікті бапкерлердің бірі Мырзағали Айтжанов 1bol.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында ұлттық құраманың Азия чемпионатындағы әлеуеті жайлы сөз қозғады.

Маман командалық есепте бірінші орын алуға шамамыз жетеді деп санайды.

«Командалық есепте бірінші орын алуға мүмкіндік бар. Себебі біздің басты қарсыласымыз Өзбекстан Олимпиадаға барған бір ғана боксшысын жібереді. Қалған боксшылары да осал емес, бірақ біздің жігіттер аянып қалмайды деп отырмыз. Себебі осы жолы құрамымызда Санжар Тәшкенбай, Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан мен Бекзат Нұрдәулетов секілді бірнеше әлем чемпионы бар. Одан бөлек те мықты боксшыларымыз бара жатыр. Сонымен қатар Олимпиадада тәжірибесі шыңдалған Мұхаммедсабыр Азия чемпионатында топ жаруы керек деп ойлаймын», - деді Айтжанов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам