«Қазақ королі» рингке оралып, чемпиондық атағын қорғайтын болды

27.11.2024, 17:07

Ирландияда поляк боксшысы Дамиан Вржесинскиймен (28-3-2, 7 КО) қолғап түйістіреді

«Қазақ королі» рингке оралып, чемпиондық атағын қорғайтын болды
instagram.com/wassermanboxing

Қазақстандық жартылай жеңіл салмақтағы боксшы Сұлтан Зауырбектің (18-0, 13 КО) рингке оралатын күні белгілі болды. Бұл туралы Wasserman Boxing промоутерлік компаниясы Instagram парақшасында мәлім етті.

Сұлтан Зауырбек 7 желтоқсан күні Ирландияның Уотерфорд қаласында поляк боксшысы Дамиан Вржесинскиймен (28-3-2, 7 КО) қолғап түйістіреді. «Қазақ королі» атанып кеткен Зауырбек WBA рейтингінде үшінші орында тұр және осы жекпе-жекте екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBA Continental титулын қорғайды.

«Сұлтан Зауырбек жеңіске жетсе 2025 жылы әлем чемпионы атағына таласу мүмкіндігіне жақындай түспек», – делінген Wasserman Boxing компаниясының жазбасында.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы 22 маусымда аргентиналық Роман Рубен Рейносомен (22-4-2, 10 КО) жұдырықтасқан болатын. Бәске WBA Continental титулы тігілді және жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Алайда, қазақ боксшысы мәселені бірінші раундта шешіп тастады. Алдымен екі нокдаун алған аргентиналық үшінші ауыр соққы алғанда орнынан тұра алған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам