Отандасымыз кәсіпқой бокстағы 15-ші жекпе-жегін өткізеді
Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Иван Дычко келесі жекпе-жегін Алматыда өткізеді.
Бұған дейін қостанайлық боксшы кәсіпқой бокста 14 жекпе-жек өткізген. Ал мансабындағы ең үлкен жекпе-жегі 27 желтоқсанға белгіленген. Оның қарсыласы – 35 жастағы ресейлік Виталий Кудухов болмақ. Алдағы жекпе-жек туралы ақпаратты Иван Дычко Instagram парақшасында жариялады. Бұл кездесу он раундқа жоспарланған.
Иван Дычконың бұған дейінгі жекпе-жегі 21 тамызда АҚШ-та өтті. Онда қазақстандық спортшы екінші раундта америкалық Крейг Льюисті нокаутқа түсірген.