Мейірімнің лицензиясын Жәнібекке берген кім? Қазақ пен қазақ жұдырықтассын! Жаңа подкаст!

Қайрат Сәтжанов кубалық әйгілі боксашы Ла Крузға шапан жапты (ВИДЕО)

28.11.2024, 10:55

35 жастағы боксшы Олимпиада ойындарының екі дүркін, әлемнің бес дүркін чемпионы

Қайрат Сәтжанов кубалық әйгілі боксашы Ла Крузға шапан жапты (ВИДЕО)
instagram.com/juliocesar_lacruz/

Елімізде бокстан Қазақстан және Куба боксшыларының біріккен оқу-жаттығуының соңында бас бапкер Қайрат Сәтжанов кубалық даңқты боксшы Ла Крузға құрмет көрсетті.

Кезекті жаттығу барысының аяқталуынан кейін жиын өтіп, боксшыға қазақтың ұлттық шапаны жабылды. Айта кетейік, Хулио Ла Круз – Олимпиада ойындарының екі дүркін, әлемнің бес дүркін чемпионы.

Ол 81 келіде Риода чемпион болса, Токиода өткен ойындарда 91 келіде үздік атанды. Ол қазақ боксшыларымен рингте 10 мәрте кездескен. Оның ішінде 8-де Ла Круз жеңсе, қалған екеуінде есе жіберді. Мәселен, 2012 жылы Алматыда өткен С.Нұрмағанбетов турнирінің финалында Әділбек Ниязымбетовке жол берді. Ал 2019 жылы Екатерингбургте өткен әлем чемпионатында Бекзат Нұрдәулетовтен жартылай финалда ұтылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам