Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

«Басты қарсылас – Қазақстан»: Өзбек бапкері Азия чемпионатындағы бәсеке туралы айтты

29.11.2024, 09:51

Азия чемпионаты Таиландтың Чиангмай қаласында өтеді

«Басты қарсылас – Қазақстан»: Өзбек бапкері Азия чемпионатындағы бәсеке туралы айтты
Видеодан кадр

Өзбекстан бокс құрамасының бас бапкері Тулкин Қиличев Таиландта өтетін Азия чемпионатында шәкірттерінің басты қарсыластары туралы айтып берді.

«Бізде Азия құрлығында әрқашан бірінші кезекте басты қарсылас – Қазақстан. Одан кейін,  жергілікті команда Таиланд бар. Үндістан мен биыл алғаш рет бақ сынайтын Украина құрамасы да осал емес. Міне, төртеуі негізгі қарсыластар. Сонымен қатар, Моңғолия,  Қырғызстан мен Тәжікстан да өз деңгейлерін көтеріп келеді. Бірақ басты бәсекелестеріміз – қазақстандық боксшылар», – деді Париж Олимпиадасында табысты өнер көрсеткен команданың бас бапкері  Prosports.kz-ке берген пікірінде.

Ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан Азия чемпионаты 28 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Таиландтың Чиангмай қаласында өтеді. Ал 2024 жылғы Олимпиада ойындарында Өзбекстанның боксшылары бес алтын медаль жеңіп алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам