Ол қазақ боксшысын Токиода жеңген еді
Бирмингемде (Англия) кәсіпқой бокстан аса жеңіл салмақ өкілдері – британ боксшылары Санни Эдвардс (21-2, 4 КО) пен Галал Яфай (9-0, 7 КО) WBC нұсқасы бойынша бос тұрған чемпиондық титулды сарапқа салды.
Жанкүйерлер тартысты жекпе-жек көре алған жоқ, айқас толықтай Яфайдың бақылауымен өтті. Осылайша, Яфай қарсыласын алтыншы раундта бұрышқа тақап, соққының астына алған соң, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Яфай - Токиодағы Олимпиада ойындарының чемпионы. 52 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында ол қазақстандық Сәкен Бибосыновты бірінші раундта нокдаунға жіберген, жекпе-жекте де тиісінше жеңіске жеткен.
Ал финалда ол филиппиндік Карло Пааламаны жеңіп, алтын медаль иеленді.