Жекпе-жек 18 мамыр күні Эр-Риядта өтеді
Аса ауыр салмақ өкілдері украиналық Александр Усик пен британиялық Тайсон Фьюри 21 желтоқсанда Эр-Риядта өтетін реванш үшін рекордтық көлемде сыйақы алады.
Айқастың сыйақы қоры 190 миллион долларды құраса, украиналық боксшының пайдасына 60%-ға 40% деп бөлінген. Яғни украиналық 114 миллион алса, британиялыққа 76 миллион доллар бұйырады. Бұл кепілдендірілген сыйақы, тағы ақылы трансляциядан түсетін пайда бар.
Екеуара алғашқы жекпе-жек 18 мамыр күні Эр-Риядта өтіп, ұпай санымен украиналық жеңіске жеткен (115-112, 114-113, 113-114). Сөйте тұра Фьюри тоғызыншы раундта нокдаунға түсіп үлгерді.
Усик карьерасында жеңілмеген боксшы, еншісінде 22 жеңіс бар, соның 14-ін мерзімінен бұрын жеңген. Фьюри 34 айқаста үздік шығып (24-і нокаутпен), бір тең нәтиже мен бір жеңілісі бар.