Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Қатерлі ісікке шалдығып, үйім өртенді – кәсіпқой боксшы

02.12.2024, 10:02

Бектас Қасенай жекпе-жек өткізгенге дейін басынан өткен қиындықтары туралы айтты

Қатерлі ісікке шалдығып, үйім өртенді – кәсіпқой боксшы
әлеуметтік желі

Аралас жекпе-жек шебері, кәсіпқой боксшы Бектас Қасенай басынан кешкен қиындықтар туралы айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлады.

1 желтоқсанда Бектас Қасенай Алматыдағы Nomad Fighting турнирінде Айдос Жаппарбергеновпен жеңіл салмақтағы титул үшін жекпе-жек өткізді. Бұл кездесуде төрешілердің шешімімен Жаппарбергенов жеңіске жетті. 

Бірнеше ай бұрын спортшының үйі отқа оранып, ол өрт сөндірушілер келгенше қызыл жалынды өзі сөндірген.

«Осы жекпе-жекке дайындаламын деп жүргенде үйім өртеніп кетті. Түнгі сағат үште келіншегім оятты, көзімді ашсам қара түнекте жатырмыз. Қонақ бөлмедегі тоқтан ақау шығып, өрт пайда болған. Өрт сөндірушілер келгенше өзім жүгіріп жүріп өшірдім. Әріптестерім, достарым, шәкірттерім көмек көрсетіп, үйдің жөндеу жұмыстарын бітірдік. Үйді жөндейміз деп жүріп пневмониямен ауырып қалдық, иммунитетім төмендеп кетті. Кейін емделіп, енді жаттығу бастаймын дегенде бүйрегім ауырды. Осылайша жекпе-жекке үш апта дайындалдым», - деді ол .

Сондай-ақ Бектас Қасенай бірнеше жыл бұрын қатерлі ісікке шалдығып, ауыр дертті жеңіп шыққанын айтты.

«2017 жылы талай анализ тапсырып, "рак" ауруына шалдыққаным анықталды. Екі жарым ай ауруханада жатып, ем-дом қабылдадым. Мұсылманбыз ғой, Аллаға жақынбыз. Палатада күнде жайнамаз төсеп қойып, намаз оқыдым. Алланың қалауымен, анамның батасымен жазылып шықтым», - деді ол. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам