Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстандық боксшы Али Ахмедовке тәжірибелі қарсылас табылды

03.12.2024, 10:15

Оның жасы 35-те

Қазақстандық боксшы Али Ахмедовке тәжірибелі қарсылас табылды
Getty Images

Кәсіпқой бокстан екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Али Ахмедов (22-1, 16 КО) келер жылы 17 қаңтарда шаршы алаңға шығатын болды. 

BoxRec.com порталының мәліметінше, Алидің қарсыласы тәжірибелі америкалық боксшы – 35 жастағы Рональд Эллис (18-5-2, 12 КО) болады. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Бұған дейін қазақстандық боксшының 25 қаңтарда рингке оралатыны жарияланған болатын. Дегенмен, жоспар өзгеріп, қарсылас та нақтыланды.

Айта кетейік, аталған бокс кешін Геннадий Головкиннің промоутері болған Том Леффлер ұйымдастырып отыр (360 Promotions). Ал, трансляцияны UFC Fight Pass жүргізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам