Тәшкенбай екінші рет финалда бокстасады
Таиландтағы Азия чемпионатының жартылай финалдық айқастары басталды. Жерлестеріміздің арасынан бірінші болып шаршы алаңға 48 келідегі Санжар Тәшкенбай шықты.
Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының күміс жүлдегері жапониялық Казума Аратакемен кездесіп, төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті. Тәшкенбай жапонды бірінші раундта нокдаунға да түсіріп үлгерді. Естеріңізде болса, қос спортшы 2022 жылы Азия чемпионатының финалында өзара мықтыны анықтап үлгерген. Ол кезде де Санжардың мерейі үстем болды. Осылайша, Тәшкенбай екінші рет финалда бокстасады.
Ал ширек финалда Санжар Тәжікстан өкілі Мефрон Шафиевтен басым түскен. Екінші раундта ол қарсыласын нокдаунға жіберді.