Финалда ол өзбек боксшысымен жұдырықтасады
Таиландта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында 54 келіде өнер көрсетіп жатқан Махмұд Сабырхан қиындықсыз жарыс финалына шықты.
Жартылай финалда қазақ боксшысы таиландтық Саравут Суктхетпен жұдырықтасқан болатын. Махмұд үш раунд нәтижесінде 5:0 есебін тіркеп, айқын басымдықпен келесі айналымға өтті. Екінші раундта ол қарсыласына дәл соққысын тигізіп, төреші нокдаун санағанын да айта кету керек.
Махмұд Сабырханның финалдағы қарсыласы – өзбек Шахзод Музафаров.
Еске салайық, бұған дейін 48 келідегі Санжар Тәшкенбай жапон боксшысын ұтып, финалға шыққан болатын. Ол да ақтық сында Өзбекстан өкілімен рингке шығады.