Ол жартылай финалда моңғол Гантумур Лундааны жеңді
Таиландта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында 57 келіде ел намысын қорғап жатқан Оразбек Асылқұлов финалға шықты.
Отандасымыз 57 келіге дейін салмақта жұдырықтасуда. Бүгін ол жартылай финалда моңғол Гантумур Лундааны жеңді.
Финалда өзбек және филиппин боксшыларының жеңгенімен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін қазақ боксшыларынан Санжар Тәшкенбай (48 келі) мен Махмұд Сабырхан (54 келі) финалға жолдама алған еді.