Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Асланбек Шымбергенов жарақат алған жоқ, ол Олимпиада лицензиясы үшін таласады – спорт журналисі

19.12.2023, 19:54

Келер аптадан бастап ұлттық құрама боксшылары оқу-жаттығу жиындарына кіріседі

Асланбек Шымбергенов жарақат алған жоқ, ол Олимпиада лицензиясы үшін таласады – спорт журналисі
Қазақстан бокс федерациясы

Астанадағы «Чемпиондар түні IBA» бокс кешінде өнер көрсетіп, мексикалық боксшыдан техникалық нокаутпен жеңіліп қалған Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновтің қазіргі жайы белгілі болды.

Белгілі спорт журналисті Аслан Қаженовтің айтуынша, Шымбергенов ешқандай жарақат алмаған.

«Жаңа ғана Қазақстан бокс федерациясының өкілімен сөйлестім. Ұлттық команданың капитаны аман-есен. Қазір демалып жатыр. Қаңтар айының басында жаттығу жиынына келеді. Ол Алматыда не Шымкентте өтеді және тікелей лицензиялық турнирге бағытталады», - деп жазды журналист өзінің Facebook-парақшасында.

Оның сөзінше, бұл жағдай Асланбекке физикалық тұрғыдан жарақат салмаса да, психологиялық жағынан ауыр соққы болған болуы мүмкін.

«Оның солқ етіп құлағаны тек жеке басына ғана емес, бүкіл қазақ боксына, бүкіл қазақ спортына сын болды. Әсіресе, әбден аузы күйген қарсыластары қуанып, мәре-сәре болып жатыр. Себеп... Себеп өте көп. Басы-қасында жүрген мамандар жаттығудың өте аз болғанын алға тартады. Азия ойындарынан кейін шаршы алаңға шыққан жоқ. Осы кештің алдында ғана 10 күндік жаттығу жиынына қатысты. Оның өзі жетікіліксіз екенін байқадық. Басқа жағынан қолын тым төмен ұстайды деген пікір жиі айтылады. Әсіресе, шабулға ден қойып, артқа қайтқанда қолын тастай салады. Мексикалық тарап соны ескерген. Мырзағали Айтжанов ертерек тоқтату керек еді деген де нұсқа бар. Яғни, Асланбектің шама-шарқын байқағаннан кейін раундаралық үзілісте шығармай қойса. Иә, жеңіледі, бірақ, құламайтын еді. 

Біткен іске сыншы көп. Болар іс болды. Енді капитан есін тезірек жинап, еңсесін тіктеп, қайтадан бұрынғы бабына оралады деген үміттеміз. Физикалық тұрғыда зардап шеккен жоқ. Ал, психологиялық тұрғыда, білмедім. Ұлттық командамызда кешенді топ бар. Жақсылап жұмыстанады деген үміттеміз. 

Асланбек, саған сәттілік тілейміз! Осы жағдайға бола ешкім теріс айналып кетпейді», - деді журналис өз жазбасында.

Еске салайық, Асланбек Шымбергенов биыл бокстан әлем чемпионы атанып, Азия ойындарының жартылай финалында жапониялық қарсыласынан ұтылды. Отандық бокс мамандары оның айқын жеңіске жеткенін айтып, жекпе-жекті төрелік еткендердің үстіне шағым түсірген. Алайда, жеңіс Асланбекке бәрібір берілмеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам