Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Мырзағали Айтжанов: «Мақсатымыз – көбірек жолдама алу»

19.12.2023, 12:29

Ерлер құрамасының қоржынында әзірге небәрі бір жолдама бар

Мырзағали Айтжанов: «Мақсатымыз – көбірек жолдама алу»
olympic.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов жаңа маусымды қалай басталатынын айтты.

Olympic.kz сайтының жазуынша, Айтжанов келесі маусымда спортшыларды өте маңызды жарыстар күтіп тұрғанын, тиісінше, жаттығу жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінетінін мәлімдеді.

«Қазір команданың біраз мүшесі Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысып жатыр. Әлем чемпионы атанған боксшыларымыз жақында "Чемпиондар түні" бәсекесінде бақ сынады.

Кезекті жаттығу жиыны жаңа жылда басталады. Атап айтар болсам, қаңтар күні Алматы облысындағы "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында тауда жалпы дене жаттығуы бойынша жиын өтеді. 

Жиынды үш кезеңмен өткіземіз деген жоспар бар. Жалпы дене жаттығуынан соң, арнайы дене жаттығуына көңіл бөлеміз. Содан кейін техника мен тактиканы күшейтуге арналған жиын бар. Келесі маусымда бізді Олимпиадаға іріктеу турнирлері күтіп тұр. Біздің мақсатымыз – мейілінше көбірек жолдама алу», - деді М.Айтжанов.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан ерлер құрамасының қоржынында Олимпиаданың небәрі бір жолдамасы бар. Оны қыркүйекте Қытайда өткен Азия ойындарында аса ауыр салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаев иеленді. Жерлесіміз жарыстың финалына шығып, өзбек боксшысы Баходир Жалоловтан жеңіліп қалған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам